Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00-нысан) тапсыру

Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00-нысан) тапсыру

Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған. 

Бірінші кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралый Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдар декларация тапсыруға міндетті.

Екінші кезеңде (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

2025 жылы қорытынды кезеңде азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық ересек халқы кіреді.

Жеке тұлғалар жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірудің бірінші жылында активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынуға міндетті. Кейінгі жылдары кірістері мен мүлкі туралы Декларация (270.00-нысан) ұсынылады.

Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00-нысан) жинақталған активтер мен міндеттемелерді Декларациялау жүйесіне кіру күніне тіркеу үшін ұсынылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында бар.