
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ауданымызда айрықша, салтанатты шара өтті.
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мамандарымыз Көк тудың алдында тұрып, елге адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді!
«Мен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі, өз елімнің заңдарын қатаң сақтауға, халыққа адал әрі мінсіз қызмет етуге ант етемін...» - бұл жай ғана сөздер емес, бұл - Отан алдындағы үлкен жауапкершілік пен серт.
Жас мемлекеттік қызметшілерді осынау маңызды қадамдарымен құттықтаймыз! Олардың бойындағы жалын, білім мен патриоттық сезім еліміздің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосады деп сенеміз.