
2026 жылғы 7 сәуірде Баянауыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жаңатілек ауылдық округінің сайланған әкімі Маргулан Бейсембаевич Альжановті тіркеді. Альжанов Маргулан Бейсембаевич тікелей сайлау нәтижесінде Жаңатілек ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Маргулан Бейсембаевич Баянауыл ауданы Мұрыңтал ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2016 жылы "Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ бас маманы болып бастаған. 2022 жылдан бастап сайлау сәтіне дейін "Баянауыл ауданы Жаңатлекс ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ әкімі болды. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.