Аппараттық жиын өтті

Аппараттық жиын өтті

Бүгін аудан әкімдігінде өзекті мәселелер бойынша аппараттық жиын өтті.

Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қатаң бақылауда. Су басу қаупінің алғашқы кезеңі аяқталғанымен, жағдай тұрақты назарда. Аудандағы 389 су өткізу құбыры толық тазартылып, қажетті инертті материалдар қоры дайындалды. Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ұзынбұлақ және Қызылтау ауылдық округтеріндегі ветеринариялық ахуал қаралды. Қазіргі таңда малдарға екпе жұмыстары жүргізіліп, жағдай бақылауда.

Барлық бағыттағы жұмыстар жалғасуда.