Жағдай бақылауда

Жағдай бақылауда

Көктемгі су тасқыны қаупі кезеңіне байланысты аудан әкімі А. Ксентаев Сәтбаев ауылдық округі мен Жаңажол ауылына қарасты лимандар мен өткелдерді аралап шықты. Жағдай тұрақты бақылауда. Су деңгейі, инфрақұрылымның жай-күйі және қауіпсіздік шаралары тексерілді.

Тиісті қызметтермен бірлесіп, ықтимал тәуекелдердің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Халықтың қауіпсіздігі – басты назарда.

Тұрғындарды сақтық шараларын сақтап, ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуді сұраймыз.