Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңының 13-бабы 1-тармағы және 14-5 бабының 3-тармағында: Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар «Фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді»- делінген.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген.
Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (егіншілікпен айналысатын) фитосанитариялық есептілікті төмендегі фитосанитариялық есепке алу нысандарымен көрсетілген мерзімдері бойынша тапсырады:
Жартыжылдық есептерді: Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есебі ФЕ-1, пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп ФЕ-2, пестицидтерді сақтау туралы есебі ФЕ-3 нысаны бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 05 шілдеге дейін және 05 қаңтарға дейін. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Жылдық есеп Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есебі ФЕ-5, жыл сайын, нақты сақтау орны бойынша 05 қаңтарға дейін. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Айлық есептерді: Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есебі ФЕ-4 нысанымен ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есеп беруден кейінгі әр айдың 05-не дейін аудандық аумақтық инспекциясына тапсырулары қажет. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Яғни Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына Баянауыл ауылы, Жарылғапберді көшесі 12 а үй мекен-жайына тікелей немесе 8(71840) 9-10-15 телефон/факсына және akbotin.a@minagri.gov.kz. электрондық поштасына жолдауға болады.