Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі А. Ксентаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету, Жалғызқайың ауылында жол салу және футбол алаңы мәселесі талқыланды.

Өкінішке орай, Жалғызқайың ауылында биылғы жылдың жоспарында жолды асфальттау жоқ. Алайда, әуе желісінің құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, ветеринарлық пункт және малды бекітуге арналған қондырғы (раскол) салынады.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікке қатысты сұрақтар қозғалды. Оның ішінде жанармай бекетін салу және Жасыбай демалыс аймағындағы жер теліміне қатысты мәселелер бойынша өтініштер қаралды.

Көтерілген мәселелер заңнама талаптарына сай қаралып, тиісті түсіндірмелер берілді.