Майқайың кентінде атқарылатын жұмыстар таныстырылды

Майқайың кентінде атқарылатын жұмыстар таныстырылды

Аудан әкімі А. Ксентаев Майқайың кентінің ақсақалдары, белсенді тұрғындары және жергілікті қоғамдастық кеңесімен кездесті. Халықпен ашық диалог барысында биыл жүзеге асатын нақты жобалар таныстырылды.

Биылғы жылдың ауқымды жобасы - музыка мектебі. Облыс әкімі А. Байхановтың қолдауымен музыка мектебінің ескі ғимараты сүріліп, оның орнына балалар мен жастарға арналған заманауи жаңа нысан бой көтермек.

Кент аулаларын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады. Нақты тоқталсам, Шағын аудан 1, 2, Астана көшесі 63, 65, 69, 71, 33, 39, 41, Христенко 25, 27 үйлердің аулалары абаттандырылады. 

Сонымен қатар, 2 км жуық кентішілік жол асфальтталып, автотұрақ салынады.

«Алтын Алмас» АҚ-мен жасалған меморандум аясында кенттің келбеті жаңарып, ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, Үшқұлын ауылында көше жарығы орнатылып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырылады. Аталған ауылдың мектебі де күрделі жөндеуден өтеді. 

Осы бағыттағы жұмыстарды жергілікті халыққа таныстырып, пікірлері тыңдалды.