
Аялы алақанымен әлемді жылулыққа, нұрға бөлеп тұрған аналарға құрметіміз қашанда жоғары.
Мемлекеттік саясат та аналарға, әсіресе көпбалалы аналарды қолдауға бағытталған.
Бүгін аудан демографиясын көтеріп, ұлт тәрбиелеп отырған аналарға мемлекеттік награда – “Алтын алқа” және “Күміс алқа” табысталды.
Сауатты, салауатты ұрпақ өрбітіп отырған аналарды марапатымен құттықтаймын!
Әр шаңырақ ана мейірімімен нұрланып, бала күлкісіне толсын!