Нұр-Сұлтанда үздік табиғат қорғаушылар марапатталды

Нұр-Сұлтанда үздік табиғат қорғаушылар марапатталды

Еліміздің үздік инспекторларына, орманшыларына, табиғат қорғаушыларына орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін сақтау саласындағы "Елім-ай" арнайы сыйлығы табыс етілді.

Экология министрлігі "Елім-Ай" сыйлығын табыстауды экологиялық гуманизм қағидаттарының жолсерігі болып табылатын Қазақстандықтардың еңбегін тану мақсатында дәстүрге айналдыруды көздеп отыр. Сыйлық 16 номинация бойынша берілді. Номинанттарға марапаттарды Экология министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Наринэ Микаэлян, сенатор Жүсіп Нұртөре, Олимпиада чемпионы Василий Левит, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов және т.б. табыс етті.

"Өлкетануға қосқан үлесі үшін" номинациясында Баянауыл ұлттық паркінің инспекторы Алтынбек Құрманов жеңімпаз атанды.

Құтты болсын!