
Шоманкөл ауылында су құбыры ресми түрде іске қосылды. Бұл – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – әр отбасының денсаулығы мен жайлы өмір сүруінің негізі. Енді ауыл тұрғындары таза суға қол жеткізіп, күнделікті тұрмыста үлкен қолайлылыққа ие болады.
Ауылдағы әр шаңыраққа береке мен жайлылық әкелетін жаңа нысан – Шоманкөл халқы үшін үлкен қуаныш.
Біздің мақсатымыз – әр ауылдың дамуына, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға үлес қосу. Шоманкөлдегі жаңа су құбыры осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі.