Туристік ахуал

Туристік ахуал

 

 

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Баянауыл ауданына жұмыс сапарымен келді. 

 

Туристік өңірдегі сапар барысында жаңадан бой көтерген спорт кешенінде болды. Сонымен қатар, вице-министр құрылыс жұмыстары жүріп жатқан визит орталық пен қолданысқа берілген бақылау алаңын аралап көрді.

 

Сапар барысында нысандардың құрылысы, сапасы және пайдалануға беру мерзімдері талқыланды. Аталған жобалар туризм инфрақұрылымын дамытуға және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.