Туризм саласындағы мәселелер қаралды

Туризм саласындағы мәселелер қаралды

 

 

Баянауыл ауданында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі орынбасарының аудан тұрғындарымен кездесуі өтті. 

 

Аудан әкімі ретінде бұл кездесудің өңіріміз үшін маңызы зор екенін атап өткім келеді.

 

Баянауыл ауданы – табиғаты көркем, тарихи-мәдени мұраларға бай, еліміздегі ең танымал туристік мекендердің бірі. Туризм мен спорт салаларын дамыту – ауданның әлеуметтік-экономикалық өсімінің маңызды бағыты.

 

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан туризм инфрақұрылымын жетілдіру, спорт нысандарын дамыту және туристерге қолайлы жағдай жасауға қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. 

 

Көтерілген мәселелер министрлікпен бірлесіп, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.