Ауылда шаштараз ашылды

Ауылда шаштараз ашылды

Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырған тұрғынның бірі – Меңдібаева Айнұр. 

Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны “Бастау бизнес” бағдарламасы арқылы грант иегері атанып, бүгінгі күні кәсібін дөңгелетіп отыр. 

Мемлекеттік бағдарлама арқылы 400 айлық есептік көрсеткіш есебінде грант алған жеке кәсіпкер қажетті жабдықтар алып, өз ісін бастап кеткен. 

Бұл тек жаңа қызмет көрсету нүктесі ғана емес, ауыл халқының өміріне жаңа серпін, жаңа мәдениет әкелген игі іс.

600 тұрғыны бар Ұзынбұлақ ауылында шаштараз ашып, халыққа қызмет көрсетіп отырған Айнұр Меңдібаева алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ауыл халқы үшін тиімді баға ұсынып, халыққа қызмет көрсетіп отырған Айнұр ханымның еңбегі көпке үлгі!