Микаелян Смбат Сандровичтің құрметіне арналған ескерткіш тақта

Микаелян Смбат Сандровичтің құрметіне арналған ескерткіш тақта

2020 жылдың 17 қазанында Баянауыл аудан әкімшілігінің қолдауымен және сыныптастарының ұйымдастыруымен Баянауыл ауданының тумасы, меценат Микаелян Смбат Сандровичтің құрметіне өзі оқып бітірген Баянауыл №2 мектеп қабырғасына мемориалды тақта орнатылды.

Мемориалды тақтаны Смбат Микаелянның алғашқы ұстазы Александра Гущина мен сыныптас досы Қосманбек Камашев ашты.

Жиын барысында сынып жетекшісі Тілектес Қонақбаева және туыстары сөз сөйледі.

Салтанатты шарада Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңат Ахатов «Елім деген ер ұлын ел ұмытпас» атты арнау әнін шырқады.

Салатанатты іс-шараға меценаттың туыстары, мұғалімдері, сыныптастары мен аудан жұртшылығы қатысты.