Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – Шешім жобасы) Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 33110 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Мәслихат шешімінің мақсаты Баянауыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарналарды есептеу мен төлеу тәртібі айқындау.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы Электрондық Үкімет порталы Ашық НҚА бөлімінде орналастырылады.