Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 122/16 «Баянауыл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы шешім жобасы (бұдан әрі – Шешім жобасы) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Мәслихат шешімінің мақсаты Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес 01.01.2026 жылдан бастап жаңа шешім қабылдауға байланысты.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы Электрондық Үкімет порталы Ашық НҚА бөлімінде орналастырылады.