Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – Шешім жобасы) 2025 жылғы 18 шілдедегі №214-VIII Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.
Мәслихат шешімінің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, салық жүктемесін азайту арқылы бизнестің тұрақтылығын сақтау.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы Электрондық Үкімет порталы Ашық НҚА бөлімінде орналастырылады.