
Жақында аудан әкімі 3 ауылға: Жаңатілек, Жаңажол ауылдық округтеріне және аудандық ауруханаға халықтың амандығын сақтауда маңызды рөл атқаратын санитарлық автокөліктердің кілтін табыстады.
Соңғы үш жылда облыс әкімі Асайын Қуандықұлының тікелей қолдауының арқасында ауданымызға 11 жедел жәрдем көлігі берілді.
Бұл — мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға, ауылдағы медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған нақты қамқорлықтың көрінісі.