Баянауылдың даңқы асқақтай түсті. 

Баянауылдың даңқы асқақтай түсті. 

Түркістан қаласында өткен даңқты балуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған ересектер арасындағы Қазақ күресінен Әлем кубогында жерлесіміз Мұхтар Дәлелханұлы тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды! 

Бұл жарысқа 13 елден келген жүзге жуық балуан қатысып, боз кілемде өзара бақ сынады. Осындай ауқымды додада өңір намысын абыроймен қорғаған Мұхтар Дәлелханұлын шын жүректен құттықтаймыз! 

Жерлесіміздің бұл жетістігі – Баянауыл ауданының мақтанышы, жастар үшін үлгі! Алдағы уақытта да спорттағы биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз!