Рухани қазына-2020

Рухани қазына-2020

Рухани дүниені жетілдіру, мәдени саланың маңызын арттыру үшін Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мен ұйымдарының республикалық «Рухани қазына-2020» байқауы биыл үшінші мәрте ұйымдастырылды.

Биыл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты үшінші республикалық байқау онлайн форматта өтті. Байқауға мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар қатысып, өз жұмыстарын таныстырды. Конкурстық іріктеу облыстық және республикалық турда өтті. Өңірлерде іріктеу кезеңі 14 қыркүйекке дейін өткен болатын. Жеңімпаздар республикалық турға қатысуға мүмкіндік алды. Республикалық байқауға жолдама алған қатысушылардың бірі- Ләйла Нұржанқызы.

Ләйла Мадина Торайғыр ауылдық мәдениет үйінің әдіскері. Мәдениет үйінің тынысы мен тіршілігін танытқан Ләйла республикалық байқауда «Күләш Байсейітова атындағы арнайы жүлдеге» ие болды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық музейде «Рухани Қазына-2020» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Қыркүйектің 28-30 аралығында қазылар алқасы барлық өнімдерді қарады. Осымен үшінші рет өткен байқауға мемлекеттік музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарынан жалпы саны 259 өтініш түскен. Оның ішінде 119 кітапхана, 90 мәдени ойын-сауық ошағы мен 50 музей бар. Әр номиниция бойынша жеңімпаз ұжымға 1 000 000 теңге, әр номинация жеңген жекелей азаматқа 500 000 табысталды. Жалпы номинация саны- 50.

Торайғыр ауылдық мәдениет үйінің ұжымы қаймағы бұзылмаған халқымыздың өнерін сақтап, жаһандану дәуірінде жаңғыртуда өз үлесін қосып келеді. Қазақы қалыпты дәріптеп, құндылықты әспеттеп, қазақ өнерінің шоқтығын көтеріп жүрген Торайғыр ауылдық мәдениет үйі – өнердің қара шаңырағы.