Облыс әкімі орынбасарының ауданға іс-сапары барысында…

Облыс әкімі орынбасарының ауданға іс-сапары барысында…

Павлодар облысының әкімдігі мен "Алтыналмас АК" АҚ Майқайың кентінде әлеуметтік жобаларды бірлесіп іске асыруға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасқан.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Батыргужиновтың кеше Майқайың кентіне жасаған іс-сапарында кенттің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қол қойылған Келісім шеңберінде жұмыс жоспары талқыланып, жан-жақты пысықталды.

Сонымен қатар, орталық от қазандығының жұмыс барысымен танысып, жылу беру маусымына дайындығын тексерді. 

Серік Барлыбайұлы жылу маусымының уақтылы және үзіліссіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылудың тұрақты берілуіне ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.