Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі - ҚР СИМ) «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, өз тауарларын Alibaba.com интернет-платформада ұсынғысы келетін қазақстандық компаниялар үшін 2020 жылғы 7-8 қазан аралығында сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін оқыту вебинарлары циклін өткізіледі.

Alibaba.com – ұйымға (B2B) арналған сауда алаңы, оның қызметтеріне 190 елдегі сатып алушылар жүгінеді.

Вебинар бағдарламасы Alibaba.com платформасына дүкенді қосу алгоритмін, B2B және B2C платформаларында жылжыту құралдарын, маркетинг, логистика мәселелерін шешу және тағы басқа тақырыптарын қамтиды.

Вебинарда сондай-ақ, Alibaba.com сауда алаңында ҚР СИМ сервистік қолдауын және «Алтын жеткізуші» (Gold Supplier) мәртебесі бар аккаунттарды алу үшін қазақстандық ұйымдарды (тауар өндірушілер мен сауда компанияларын) іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатыны жарияланады.

Вебинарларға тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет:   https://bit.ly/3kSOdRP