Биылғы жылы Жаңатілек ауылында “Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні 4.7 км ауылішілік жол және 7.9 км көше жарығы толығымен аяқталды.
Тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін басты фактор тұрғындардың игілігінде.
Ауылда бұқаралық спортты дамытып, салауаттылық үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Бүгінгі күні жер жұмыстары аяқталып, инженерлік желілер орнатылды. Қабырғасы мен төбе жабындысы орнатылып, ішкі жұмыстар жалғасуда.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоба бойынша жұмыстар қашанда бақылауда.