Жолдар асфальтталады

Жолдар асфальтталады

Аудан орталығында бірқатар көшелерде асфальт болмай, бұл тұрғындармен тұрақты кездесулерде жиі көтерілген мәселенің бірі болатын. 

Жергілікті халықтың сұранысы бойынша облыс әкімі А. Байхановтың қолдауымен қаржы бөлініп, жұмыстар басталды. 

Биылғы жылы Баянауыл ауылында 9,5 км ауылішілік жол жөндеуден өтіп, асфальт төселеді. 

Тұрғындардың қауіпсіздігі және ыңғайлы қатынасы үшін тегіс жолдың маңызы зор. Аудан орталығындағы жол жөндеу жұмыстарын “ПавлодарЖолдары” ЖШС атқаруда. 

Қазіргі уақытта Жаяу Мұса көшесімен айналма жолда жөндеу жұмыстары аяқталып, 4 көшеде жұмыс жүргізілуде. 

Мердігер жөндеу жұмыстарын барлық талаптарға сай атқаруда. Құзырлы органдар тарапынан жұмыс барысы үнемі бақылауда болады.

1 айдың көлемінде барлық жұмыстар аяқталып, осыған дейін ескерусіз, елеусіз қалған көшелер асфальтталады.