Әлеуметтік нысандардың от қазандықтарына техникалық тексеріс жүргізілді

Әлеуметтік нысандардың от қазандықтарына техникалық тексеріс жүргізілді

Аудан орталығындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың: мектептер, аудандық аурухана, мәдениет үйі және ауылдық әкімшілік ғимаратының жылу қазандықтарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

 

✅ Тексеріс барысында:

 

* Қазандық жабдықтарының қысқы жылыту маусымына дайындығы;

* Қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуы;

* Автоматты басқару және дабыл беру жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті;

* Отынмен қамтамасыз ету деңгейі назарға алынды.

 

ℹ️ Аталған іс-шараның мақсаты – қыс мезгілінде әлеуметтік мекемелерде үздіксіз әрі қауіпсіз жылу беруді қамтамасыз ету.

 

📅 Мұндай техникалық тексерулер жылыту маусымы басталғанға дейін жоспарлы түрде жалғасатын болады.