Аудандық деңгейде өтетін барлық мәдени-көпшілік шараларға белсене араласып, қандай да шараны жоғары деңгейде ұйымдастыратын аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің еңбегі ерең.
2020 жылы 1 қазанында «Қазақстандық Қітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар бірлестігі Баянауыл ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Сауле Файзулаевна Рахимованы арнайы кітапханаларды дамытуға қосқан табысты әрі ерең еңбегі үшін "Кітапхана ісінің үздігі" төсбелгісін табыс етті.
Шара барысында Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сарбасов Қайрат Қайырұлы құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тіледі.