2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді.
Бұл кең ауқымды статистикалық бақылау елдің барлық өңірін қамтып, аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті ақпараттың маңызды көзіне айналады.
Санақ екі кезеңде жүргізіледі.
Онлайн-кезең 1–31 тамыз аралығында өтеді. Оған өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен шұғылданатын үй шаруашылықтары міндетті түрде қатысуы қажет. Санақ sanaq.gov.kz арнайы сайтында жүргізіледі.
Офлайн-кезең 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді. Бұл кезеңде онлайн-сауалнамаға қатыспаған, бірақ үй жанындағы жер телімі, бақша, бау-бақша немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтарына интервьюерлер жеке барып сауалнама жүргізеді.
Ауылшаруашылығы санағына ЭЦҚ арқылы сайтта немесе әр ауылдық округ әкімшілігінде, ал аудан орталығында кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі, экономиканың нақты секторы және статистика бөліміндегі қызмет көрсету бұрышында көмек алу арқылы қатыса аласыз.
Ел болып санаққа қатысайық!