Жолдар жөнделуде: биылғы жылға жоспарланған барлық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Жолдар жөнделуде:  биылғы жылға жоспарланған барлық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда

3 ауылға кіреберіс жолды орташа жөндеу  жұмыстары халық сұранысы бойынша атқарылып жатыр. 

Облыс әкімі А. Байхановтың қолдауымен Майкөбе ауылына кіреберіс жолға жөндеу жұмыстары басталды. Жобаға сәйкес ауылға бағытталған 3 шақырымға жуық жол жөндеуден өтеді. 

Сонымен қатар, Шөптікөл ауылына апарар 5 км жол да орташа жөндеуден өтіп, жергілікті халық үшін қатынауға жеңілдік туады. 

Ал, Сұлужон ауылына кіреберіс 25 км жолдың 24 шақырымына бүгінгі күні асфальт төселді.

Жол жөндеу бойынша бұл жобаларды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.