2025 жылғы 2 шілдеде Баянауыл ауданы Ақсан ауылының Мәдениет үйі ғимаратында аудан активінің жиналысы өтті. Жиналыста Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қалышбеков Т.М. Ақсан ауылдық округі әкімі болып сайланған Смагулов Толеген Ынтықбайұлына куәлік тапсырды.
Тікелей сайлау нәтижесінде Ақсан ауылдық окргуі әкімі болып сайланған Смагулов Толеген Ынтықбайұлы 2025 жылдың 2 шілдеден бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.
Смагулов Толеген 1964 жылы 28 қарашада Баянауыл ауылында дүниеге келген.
ММ Баянауыл ауданы әкімі аппаратының инспекторы болып жұмыс істеді. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
2025 жылғы 2 шілдеде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының Мәдениет үйі ғимаратында аудан активінің жиналысы өтті. Жиналыста Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қалышбеков Т.М. Бірлік ауылдық округі әкімі болып сайланған Мусатаев Арман Элгуатұлына куәлік тапсырды.
Тікелей сайлау нәтижесінде Бірлік ауылдық окргуі әкімі болып сайланған Мусатаев Арман Элгуатұлы 2025 жылдың 2 шілдеден бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.
Мусатаев Арман 1973 жылы 5 желтоқсанда Бірлік ауылында дүниеге келген.
Бірлік ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді. «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
2025 жылғы 2 шілдеде Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылының Мәдениет үйі ғимаратында аудан активінің жиналысы өтті. Жиналыста Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қалышбеков Т.М. Сәтбаев ауылдық округі әкімі болып сайланған Қайыр Мұхтар Сайратұлына куәлік тапсырды.
Тікелей сайлау нәтижесінде Сәтбаев ауылдық окргуі әкімі болып сайланған Қайыр Мұхтар Сайратұлы 2025 жылдың 2 шілдеден бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.
Қайыр Мұхтар 1991 жылы 3 сәуірде Баянауыл ауылында дүниеге келген.
«Қайыр» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс істеді. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.