Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және 2025 жылға арналған құқықбұзышылықтардың алдын алу жөніндегі «Жол картасы» аясында 2025 жылғы 11 маусым күні сағат 11.30-да Баянауыл ауылының С. Торайғыров атындағы Мәдениет үйінде (қ. Сәтпаев, 47 мж.) Павлодар облысының құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдары басшыларымен аудан тұрғындарына кездесу мен қоғамдық қабылдау күні өткізілетіні жөнінде хабарлаймыз.

Сіздер прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, экономикалық тергеу қызметі мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдеріне тікелей сауал қойып, өзекті мәселелер бойынша түсініктеме алуға мүмкінідігіңіз болады.