Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Асхат Искендиров Баянауыл ауданына іс-сапармен келді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы  Асхат Искендиров Баянауыл ауданына іс-сапармен келді.

Жұмыс сапары Баянауыл ауданының қоғамдық кеңес мүшелерімен қоғамдық кеңес отырысынан басталды. 

Жиында Баянауыл ауданының жер қатынастары жөніндегі бөлімнің басшысы Ернар Каримов аталған бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы баяндама жасады. 

Асхат Батыржанұлы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары бойынша баяндама жасап, бақылауды күшейту қажеттігін айтты.

Қоғамдық кеңес мүшелері аудан аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына көңілдері толатынын айтып, бірлесе жұмыс жасауға қашанда дайын екенін жеткізді.