Алаяқтардан сақ болыңыз!

Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің электрондық поштасына хабарламалар жіберуге байланысты алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді.

      Комитетке өздерінің электрондық мекенжайларына "банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу туралы"жалған хабарламалар алған кәсіпкерлер жүгінді.

     Алайда, салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары салық төлеушіге келесі жолдармен жіберілуі мүмкін:

пошта арқылы пошта ұйымы арқылы тапсырыс хатпен;

электрондық тәсілмен веб-қосымшаға және (немесе) арнайы мобильді қосымшаға;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

       Хабарламаларды жіберу үшін басқа арналар қарастырылмаған.

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды қырағы болуға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Ешкімге өзінің дербес деректерін, банк карталарының деректемелерін хабарлауға, аударымдар туралы түбіртектерді, кодтар мен кодтық сөздерді, тіпті мемлекеттік кірістер органдарының, банктердің қызметкерлері болып көрінетін адамдарға және басқа да адамдарға бермеуге және сілтемелер бойынша өтпеуге тиіс.

      Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жүгінуді сұраймыз!