Біз «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізуді қайта бастаймыз, осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.
Акция 30 мамыр күні сағат 17:00 де Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы Сатпаев көшесі 47 ғимарат С.Торайғыров атындағы аудандық мәдени – сауық орталығында өтеді.
Мемлекеттік органдар және заңгерлері азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.