Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Торайғыр ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруа және фермер қожалықтарының басшыларымен кездесу өтті. Іс-шара барысында Өсімдік шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын округтің ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері шақырылды, олармен Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге қатысушыларға ауылдық округ әкімі аппараты ұсынатын мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық материалдар табыс етілді. Мұндай іс-шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға және ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.