Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

"Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді: "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"

Қажетті құжаттар тізімі: Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесіне құқық алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішіндеНачало формы

Конец формы

Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. - "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" Қажетті құжаттар тізімі:

Начало формы

Конец формы

  • 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; 2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсаты (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) өзгергені туралы оң қорытынды қорытынды болған жағдайда: жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда-13 (он үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде;
  • елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (Он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзімдерге мынадай мерзімдер кірмейді: жер учаскесін сатып алу-сату шартын немесе жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу. - "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату" Қажетті құжаттар тізбесі: - көрсетілетін қызметті берушіге: 1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі; - порталға:

Начало формы


Конец формы

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні. - "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" Қажетті құжаттар тізімі: Бірінші кезең: 1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жер учаскелерін Мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

Начало формы

Конец формы

- "Жер учаскесін алуға кезекке қою" Қажетті құжаттар тізімі: - Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері: "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы

Начало формы


Конец формы

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне сәйкес; 2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz; 2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.gov4c.kz; 3) порталда.