Румынияда өткен асық ату ұлттық спорт түрінен Қабылда Қуаныш Серікұлы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды!

Румынияда өткен  асық ату ұлттық спорт түрінен  Қабылда Қуаныш  Серікұлы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды!

2023 жылғы 30 тамыз -   4 қыркүйек аралығында Румынияның Константа қаласында асық  ату ұлттық спорт түрінен әлем кубогы өткен болатын. 12 елдің сұрмергені бас қосқан байрақты бәсекеге  Қабылда Қуаныш Серікұлы қатысып, әлем кубогының  күміс жүлдегері атанды!

Сонымен қатар  жерлесіміз Қабылда Қуаныш Серікұлына  асық атудан "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағы берілді.