Мемлекеттік қызметтерді талқылау жөнінде жиналыс

Мемлекеттік қызметтерді талқылау жөнінде жиналыс

«Баянауылауданы Құндыкөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес есептік кезенде«Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ –де 5 (бес) мемлекеттік қызмет көрсетілді.           «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына    сәйкес      (Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.) Келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: 1)"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту"; 2) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"; 3) "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"; 4) "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу"; 5) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"; 6) "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"           2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет -5. Оның ішінде,"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу -" -1 (бір);       Әкімшілік ғимаратында стендте мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат орналасқан. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»арқылы ауыл тұрғындары есептік кезенде 16 мемлекеттік қызмет алды.         Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасында құқықтық қайшылықтар, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.