Мемлекеттік қызметтерді түсіндіру

Мемлекеттік қызметтерді түсіндіру

Қаратомар ауылдық округінің Белағаш ауылының тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді

     9 шілде күні Қаратомар ауылдық округінде тұрғындармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

      Кездесу барысында әкімі аппаратының мамандары тұрғындарға ең көп сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы айтып, оларды алу тәртібін, қажетті құжаттардың тізбесін, қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ қызметтерді азаматтарға қолайлы тәсілмен алу мүмкіндіктерін түсіндірді.

     Кездесуге қатысушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу қағидалары мен қажетті анықтамалық ақпарат қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

     Осындай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.