Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан "Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-сі  және "Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі" ММ- сі өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — халыққа жер қатынастары, құрылыс және сәулет салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық әрі жан-жақты ақпарат беру.

Жәрмеңке барысында мамандар мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, өтініш беру алгоритмін, қажетті құжаттар тізбесін, өтініштердің қаралу мерзімдерін жан-жақты түсіндіріп, округ тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға қатысушыларға кеңестер беріліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық материалдар таратылды.