Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

2026 жылғы 14 мамыр күні «Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға округтің өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шақырылды. Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы толық ақпарат беріліп, оларды алу кезіндегі іс-әрекет алгоритмдері, сондай-ақ өтініштерді электронды форматта беру тәсілдері түсіндірілді.

Іс-шара аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі қамтылған ақпараттық материалдар таратылды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, кеңестік-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара жұмыс және конструктивті атмосферада өтті.