Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Баянауыл ауданы  Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»

Қажетті құжаттардың тізбесі:

Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқықты сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау - 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.

Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу - бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

2) жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы оң қорытынды (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда - 13 (он үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде;

2) елді мекеннен тыс орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда - 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде.

Көрсетілген мерзімдерге: жер учаскесін сатып алу-сату немесе жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу мерзімдері кірмейді.

- «Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату»

Қажетті құжаттардың тізбесі: - көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі;

- порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

- «Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату»

Қажетті құжаттардың тізбесі: - көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі;

- порталға: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

Қажетті құжаттардың тізбесі: бірінші кезең: 1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

3) жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға және топографияға техникалық шарттарды жасау - 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар үшін ақы төлеген кезде, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу - 18 (он сегіз) жұмыс күні

- «Жер учаскесін алуға кезекке қою»

Қажетті құжаттардың тізбесі:

- Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік паролімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілдері: «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне сәйкес;

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1)Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz;

2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

3) порталда.