Қаратомар ауылдық округінде Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Бұл күн ауыл тұрғындары үшін ерекше болды – залда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген жылы шырайлы көңіл-күй орнады.
Ардагерлер мен зейнеткерлерге арналып дастарқандар жайылып, емен-жарқын әңгіме мен қуанышты сәттерге толы басқосу ұйымдастырылды. Әрбір қарияға сый-сияпат табыс етіліп, жасы келгеніне қарамастан еңбек етіп жүрген зейнеткерлер алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар олардың еңбегіне деген ризашылық пен құрметтің белгісі болды.