
Жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізеді, жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде жер және сәулет-құрылыс заңнамасын өрескел бұзушылық орын алуда. Павлодар қаласы әкімдігінің қуыным талаптарының негізінде құрылыс объектілерін өз бетінше салынған деп тану және оларды бұзу туралы сот актілері шығарылды.
Атап айтқанда, соттың күшіне енген шешімі бойынша аталған құрылыс объектілері – Естай көшесі,102 және Қамзин көшесі,102 мекенжайларында орналасқан заңсыз тұрғызылған көппәтерлі тұрғын үйлер болып табылады.
Осыған байланысты жеке құрылыс салушылардан пәтер сатып алуды жоспарлап отырған азаматтар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы талаптарының сақталуына баса назар аударулары қажет.
Үлескерлердің ақшалай қаражатын заңсыз тарту фактілеріне жол бермеу мақсатында жылжымайтын мүлікті сатып алар алдында объекті құрылысының заңдылығын қоса алғанда, нақты мән-жайларды анықтау үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгінуді ұсынамыз.