Павлодарда ұзаққа созылған құрылыс нысаны орнында спорт залы салынды

Павлодарда ұзаққа созылған құрылыс нысаны орнында спорт залы салынды

Биыл Павлодарда құрылысы аяқталмай қалған кемінде сегіз нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
 
Құрылысы аяқталмаған нысандар мәселесі Павлодар облысының әкімдігінде 2020 жылдың мамыр айында көтерілген болатын. Сол кезде аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов өңір тұрғындарының мазасын алып жүрген құрылысы аяқсыз қалған ғимарататтардың қаншалықты қауіптілігін және олардың көше келбетіне эстетикалық сәйкестігін тексеруді тапсырды. Осы мәселені шешу үшін арнайы жұмыс тобы да құрылған еді.
 
Қазіргі уақытта облыстың үш қаласында осындай 26 объект бар: 15 – Павлодарда, 6 – Ақсуда және 5 – Екібастұзда. Павлодардағы бірнеше нысан иесінің үстінен құрылысты аяқтауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап-арыз берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Сатпаев көшесі, 182 мекенжайы бойынша объектінің меншік иесі құрылысты толық бұзды, жаңа меншік иесі жеке инвестордың қаражаты есебінен көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр; Жамбыл, 15 мекенжайындағы объект рұқсатсыз басталған құрылыс болғандықтан, бұзылатын болды. Сонымен қатар, 7 нысанның құрылысы қайта жаңғыртылды, осы жылы олар пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
 
Осы жылдың наурыз айында Чокин көшесі, 38/1 мекенжайында спорт залы пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін ол құрылысы аяқсыз қалған нысандар тізімінде болған, енді көп ұзамай болашақ спортшыларға есігін айқара ашады. Нысанның иесі Қарлығаш Мұхтарова 2018 жылы аукцион арқылы жер учаскесін сатып алып, қаржыландырудың жоқтығынан құрылысты аяқтай алмай жүрген болатын.
 
- Өткен жылдан бастап жер телімін игере бастадым. Павлодар облысының қала құрылысы және Жерді бақылау басқармасына және Павлодар қаласының әкімдігіне құжаттарды ресімдеуге, жобадан бастап пайдалануға беру актісіне дейін, көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Бүгін мен құрылыс жұмыстарын аяқтадым, қаламыздың балалары мен жасөспірімдеріне арналған спорт секцияларын ашуды көздеп отырмын, - деп жоспарларымен бөлісті Қарлығаш Мұхтарова.
 
Павлодарда құрылысы аяқталмаған тағы үш нысанның иесі жөндеу жұмыстарына кірісуге дайындалып жатыр. Солардың бірі – Ашот Есаян.
 
- Өткен жылы Ломов көшесі, 32/1 мекенжайы бойынша объект сатып алынды. Ұзақ уақыт бойы бұл ғимараттың құрылысы бойынша құжаттарды рәсімдеу қозғалмады. Біз кеңес алу үшін Павлодар облысының қала құрылысы және Жерді бақылау басқармасына және осы жер учаскесін игеруге көмек көрсетуді өтіндік. Нәтижесінде біз жобалау-сметалық құжаттаманы әзірледік, рұқсат құжаттарын алдық және құрылысқа кірістік. Биыл біз құрылысты аяқтап, жабдықтар сатып алып, Павлодар мен облыс тұрғындары үшін медициналық орталық ашуды жоспарлап отырмыз, - деді компания директорының орынбасары.
 
 
Екібастұзда құрылысы аяқталмаған бес нысанының үшеуінде жұмыс қайта жаңғыртылды, екеуі менік иесінің өз қаражаты есебінен бұзылатын болды. Ақсу қаласында құрылысы ұзаққа созылған алты нысан анықталды, олардың мәселесі бойынша жұмыс әлі жүргізіліп жатыр.
 
Павлодар облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы