Фитосанитариялық есептерді электрондық форматта тапсыру

Фитосанитариялық есептерді электрондық форматта тапсыру

«ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар  аудандық аумақтық инспекциясы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агро өнер кәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 18-04-12 /1559-И хатына сәйкес, мемлекеттік дерек қорлармен тікелей интеграцияға мүмкіндік жасауға, қажетті заңда негізделген ақпаратты қамтамасыз ету және бизнес - серіктестер тізілімі адал кәсіпкерлерді қолдау мақсатында келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына және Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына сәйкес, қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкіл етті органның ведомствосына есептілікті табыс етеді.

Өсімдіктерді қорғау саласына қатысты есептілікті автоматтандыру бизнеске мемлекет қоятын талаптарды нақты түсінуге, тексерулердің ашықтығы мен оларды қысқартуға, ал уәкілетті органдарға тексерулерді тағайындау және жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 112-1-бабына сәйкес ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдарға немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, бір мезгілде төмендегі барлық өлшем шарттарға сәйкес келетін өзге де тұлғаларға ақпарат беру талаптары түсініледі:

1) ақпарат беру міндеттіболыптабылады;

2) ақпарат бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады;

3) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынады.

Бұл ретте оларды беруді автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін ақпараттық құралдарды беруді талапе туге тыйым салынады.

«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңанақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жалпы ұлттық жоспардың 29-тармағында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығы) «таза парақтан» реттеуді енгізу көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Аппарат басшысы М.Оразаевтың 2021 жылғы 28 мамырда бекіткен Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінде сыбайлас жемкорлық тәуекелдерін ішкі талдаун әтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс – шаралар жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) 12.6-тармағында Қазақстан Республикасының агро өнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде фитосанитариялық есептілікті ұсыну процесін автоматтандыру көзделген.

Осы тармақ шеңберінде кәсіпкерлерге қатысты қолданыстағы есептілікке ревизия жүргізу, оның ішінде мемлекеттік органға ұсынылатын есептіліктің әрбіртүрі бойынша автоматтандыру деңгейін талдау бойынша мәселе қазіргі уақытта пысықталып, «ABIS» электрондық порталы іске қосылды.

Жоғарыда аталған мәселені ескере отырып, қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, яғни өсімдіктерді қорғау саласына қатысты бақылаудағы субъектілер жоғарыда көрсетілген «ABIS» электрондық порталына «ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар ААИ" ММ фитосанитарлық есепті тапсыру үшін тіркелу ішектеулі уақытта қамтамасыз етілсін.

Мекен жайымыз:Павлодар қ,,М.Жусуп к., тел.  8(7182) 320657; сот.: 87779403371

«ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

өсімдіктерді қорғау және өсімліктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциясы