25 сәуір мен 23 мамыр аралығында Павлодар ауданында безгектің алдын алу айлығы жарияланды. Биылғы жылдың ұраны: «Безгекті жоямыз: қайта инвестициялау, қайта ұғыну, жаңарту». Бұл күн аурудың қауіптілігін еске салып, оның алдын алудың маңыздылығын көрсетеді. Безгектен қорғану – әр адамның денсаулығына деген қамқорлық.
Безгек – бұл паразитті инфекциялық ауру, оны масалардың Anopheles түрі тарататын Plasmodium деп аталатын паразиттер тудырады. Адам ағзасына жұққаннан кейін паразиттер алдымен бауырда дамиды, содан соң қанға өтіп, эритроциттерді (қанның қызыл түйіршіктерін) зақымдайды.
Ауру белгілері:
Аурудың алғашқы белгілері жұққаннан кейін 7–30 күн аралығында байқалуы мүмкін. Безгек дер кезінде анықталып, емделмесе, аса ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Алдын алу жолдары:
Қорытынды:
Безгек – алдын алуға болатын, бірақ ескерусіз қалса, қауіпті жұқпалы ауру. Әр адам өз денсаулығына жауапты. Қарапайым қорғану шараларын сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды бұл дерттен сақтай аласыз.