Павлодар ауданындағы кентішілік жолдардың жай-күйі туралы

Павлодар ауданындағы кентішілік жолдардың жай-күйі туралы

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында Павлодар ауданындағы кентішілік жолдардың жай-күйі талқыланды.

Осы мәселе бойынша экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Р. А. Сүлейменов және Заря мен Шақат ауылдық округтерінің әкімдері хабардар етті.

Павлодар ауданының кентішілік жолдарының жалпы ұзындығы 287,83 км құрайды, оның ішінде жақсы жағдайда 84,99 км, қанағаттанарлық жағдайда 131,44 км, қанағаттанарлықсыз жағдайда 71,41 км. 100,13 км асфальтталған, топырақ жамылғысы 189,75 км. 135,1 км орташа жөндеу қажет.

Ағымдағы жылы Мичурино, Ефремовка, Заря ауылдық округінің Подстепное, Шакат округінің Толубай, Черноярск округінің Сычевка, Кеңес округінің Новоямышево, Рождественский округінің Розоовка ауылдарында кентішілік көшелерінде жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Рождественский ауылдық округінде су тасқыны кезінде

топырақтағы кеңейтілген тереңдетілген жерлерді толтыру және профильдеу жұмыстары жүргізіледі.

Талқылау барысында Кеңес мүшесі В. А. Гейнц пайдалану мерзімін ұзарту үшін бұрын жөнделген жолдарды күтіп ұстауға, пайда болған жарылған жерлерді уақтылы құйып алу қажеттілігіне назар аударды. Ауылдық округтердің әкімдері ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қалыптастыру кезінде осы мақсаттарға арналған шығыстарды жоспарлауы қажет. Сондай-ақ, су тасқыны кезінде зақымдалған су өткізгіш құбырларды жөндеу туралы сұрақ қойылды. Экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы бұл мәселе Ефремовка ауылындағы жолдарға орташа жөндеу жүргізетін мердігер компаниясымен пысықталатынын айтты. Даниловка ауылындағы жолдың "қорқынышты" жағдайы мен грейдинг қажеттілігіне Кеңес мүшесі Шин С.Г. назар аударды. Қоғамдық кеңестің төрағасы Баткеев Б. Т. ақаулар пайда болған кезде мердігерлер оларды уақтылы жоюы үшін кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін бұрын жөнделген жолдардың жай-күйін бақылау қажет екенін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша экономиканың нақты секторы бөліміне талқылау барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды пысықтап, қабылданған шаралар туралы Қоғамдық кеңесті хабардар ету ұсынылды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің отырысында "Павлодар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды. Биыл ауданда алғаш рет аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмек көрсету жоспарлануда, олардың ішіндегі 5 отбасы Черноярск ауылдық округінде тұрады.