Ағымдағы жылғы 23 қарашада облыстық ардагерлер кеңесінде Павлодар ауданының Құрметті азаматы Нина Аскеновна Чуланованың 75 жылдығына арналған кездесу өтті

Ағымдағы жылғы 23 қарашада облыстық ардагерлер кеңесінде Павлодар ауданының Құрметті азаматы  Нина Аскеновна Чуланованың 75 жылдығына арналған кездесу өтті

Нина Аскеновна  өмірінің жарты ғасырынан астамын туған ауданына арнады. Еңбек жолын пионер жетекшісі болып бастаған, содан кейін мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі, директор болып қызмет атқарған.

18 жыл ауданның үш  ауылдық округте әкімі болды. Зейнетте бола тұра, Розовка ауылының балабақшаның меңгерішісі болған, оның ұжымы осы күнге дейін Нина Аскеновнаны жылы шыраймен еске алады.

Он шақты жыл бойы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.

Нина Аскеновна сауатты жауапты басшы және соныменқатар өз өмірін адамдарға қызмет етуге арнаған өте мейірімді және жанашыр адам.

Осындай салтанатты және айтулы күні Нина Аскеновна өз атына көптеген жағымды және жылы сөздер естіп отыр.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жантұрин А. У облыс әкімінің Құрмет грамотасын және облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын табыс етті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. С. Шәгірова аудан әкімі Н В Дычконың құттықтау хатын және ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын табыс етті. Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Кенесбаев К. С. ,Мичурин ауылдық округінің креативті әжелер клубының мүшелері Нина Аскеновнаға алғысын білдіріп, оған шын жүректен тілек білдірді. Ауданның білім бөлімінен гүлдер мен құттықтау хат табыс етілді.  Облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы В.В. Шершневаның құттықтау сөздері өте жылы және жылы шырайлы естілді. . Ол Нина Аскеновнамен көптеген жылдар бойы таныс және оны жұмысынан да, қоғамдық қызметінен де бұрыннан біледі.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көптеген жылдар бойы онымен жұмыс істегендер Нина Аскеновнаны келіп құттықтай алмады. Розовка ауылының балабақшасының  ұжымы, Ольгинка, Луганск, Чернорец, Григорьевка ауылдық округтердің  ардагерлер кеңесінің төрағалары Нина Аскеновнаға өзінің ізгі тілектері мен мерейтойымен құттықтауларын жіберді.

Кездесуде мерейтой иесі мен қонақтар жағымды қарым-қатынасқа бірдей қуанышты болды. Нина Аскеновнаға ең бастысы-денсаулық тілеймін

ұзақ өмір әл-ауқат пен өркендеу!!!

 

Павлодар аудандық ардагерлер кеңесінің баспасөз орталығы