2023 жылғы 8 қазанда Заңғар ауылында Павлодар ауданының 95 жылдығына арналған үстел теннисінен ашық аудандық турнир өтті. Табанды күресте бірінші орынды Заңғар ауылдық округінің командасы, екінші орынды кеңес өкілдері, үшінші орынды Шақат ауылдық округінің ұжымы иеленді. Жеңімпаз командалар Кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Ерлер арасындағы жеке біріншілікте Әнуар Әубәкіров (Шақат ауылы), Нұрлыбек Жолдасбек (Заңғар ауылы), Максим Кудрявцев (Розовка ауылы) жеңімпаз атанды. Әйелдер біріншілігінде Бажанова Динара (Новоямышево ауылы) жүлдегер атанды, екінші және үшінші орынды Гасымова Наргиз және Ермұханбетова Дана (Заңғар ауылы) бөлісті.